Алла Пугачева " Алла Радиосы " радиостансысынан кетеді

АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - Алла Пугачева 2007 жылдан бері жетекшілік ететін, өзінің құрметіне "Алла Радиосы" деп аталған "ПрофМедиа" тарату корпорациясынан (ПМТК) кетеді деп жазады "Коммерсантъ" газетіне сілтеме жасаған BNews.

Алла Пугачева " Алла Радиосы " радиостансысынан кетеді

А.Пугачевамен әріптестік байланыстың үзілгенін ПМТК президенті Юрий Костин хабарлады. Оның айтуына қарағанда, әріптестік байланысты үзуге А.Пугачеваның өзі себепкер болған.

"Жұмыстан босатуға байланысты мәселелер шешілді. Алла Борисовна алдағы уақытта біздің холдингте жұмыс істемейтін болады ", - деді Ю.Костин.

А.Пугачеваның одан кетуіне байланысты, ПМТК радиостансасы жұмысты дамыту барысында Алла Пугачеваның атын қолданудан бас тартуда. Енді Холдингке "Алла Радиосын" Мәскеуде және Ресейдің 15 аймағында жаңа форматқа ауыстыруға тура келеді.