21:03, 05 Наурыз 2009 | GMT +5
Алла Пугачева сахнамен қоштасу ниетін білдірді
МӘСКЕУ. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат – Ресей эстрадасының примадоннасы Алла Пугачева жылдық мерекелік концерттік турын өткізгеннен кейін сахнамен қоштасатын ниетін ресми түрде жариялады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Утро.ру» сайтына сілтеме жасап. Ол әнші ретіндегі қызметін тоқтататыны туралы бүгін өзінің алдағы 60 жылдық мерейтойына және фотоальбомының шығуына орай өткізілген баспасөз мәслихатында айтты.