Аллергияға қарсы қандай препараттарды рецептісіз алуға болады

«Антигистаминді препараттар туралы айтар болсақ, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша сатып алу тізіміне енетіндер – негізінен гормональды препараттар. Тыныс демікпесі кезінде препаратты «Фармация» СК желісінен сатып алуға болады. Ал рецепт бойынша дәріханадан сатылып алынатын препараттардың барлығы кепілдендірілген тегін медициналық көмекке енбейді. Оларды халық өзі сатып алады», - деді Людмила Бюрабекова.
Комитет басшысының айтуына қарағанда, қазіргі таңда дәрі-дәрмекті рецептуралық түрде тарату жұмысына бақылау күшейтілген.
«Пациенттерге қиындық тудырмау үшін алғашқы шығарылымдағы антигистамин препараттарының бір бөлігін рецептуралық бағыттан шығарып жатырмыз. Осылайша, адамдар аталған препаратты кедергісіз сатып ала алады», - деді ол.