«Allianz Kazakhstan» елімізде клиенттерге қызмет көрсетудің бірыңғай стандарттарын енгізуде
АСТАНА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат - «Allianz Kazakhstan» елімізде клиенттерге қызмет көрсетудің бірыңғай стандарттарымен қамтамасыз ету мақсатында өз филиалдарының қызметкерлеріне дәріс өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тренинг түрінде ұйымдастырылған шараға екі филиалдың басшылары мен 19 қызметкер қатысты,
Компания ұсынатын қызмет түрлерінің стандарттарын біріздендіруге осы бағдарлама өз ықпалын тигізеді. Нәтижесінде, Астана мен Алматы сияқты ірі қалаларда ғана емес, еліміздің басқа да қалаларында Allianz Қазақстанның сапалы қызмет түрлерін ұсынатын болады.
Алғашқы тренингті Алматы қаласында орналасқан бас кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен жаттықтырушылар өткізген болатын. Оқыту бағдарламасы Allianz SE концернінің және ресейлік «РОСНО» сақтандыру компаниясының тәжірибесі мен жұмыс істеу үрдісі негізінде өтті. Дәріс барысында Allianz Қазақстан филиалдарының қызметкерлері сақтандыру өнімдерін сатуға және «Премия» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді үйренді. Ерікті медициналық сақтандыру, қайта сақтандыру, мүлікті сақтандыру, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті, жүктерді сақтандыру, мұнай операцияларын сақтандыру сияқты өнімдерінің басымдылықтарына жете тоқталды.