17:24, 08 Сәуір 2010 | GMT +5
«Allianz Қазақстан» сақтандыру қоры «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» қызметкерлерін сақтандыратын болды
АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат - «Allianz Қазақстан» сақтандыру қоры «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының қызметкерлерін ерікті медициналық сақтандыру қызметін сатып алу бойынша жүргізілген тендердің жеңімпазы болып танылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш тендердегі жеңістің нәтижесінде қордың «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» 270 қызметкерінің сақтандыру шарты жасалды. Ол шарт бойынша сақтандыру құны 214 миллион 750 мың теңгені құрады.
Шарт бойынша көрсетілетін қызмет күні-түні жүргізіледі. Осы бағыттағы жұмыстар барысында диспетчерлік қызметті толықтай атқару, жедел жәрдем қызметі, отбасылық дәрігердің көмегі, шұғыл және жоспарлы түрде емханалық емдеу, шұғыл және жоспарлы түрде стационарлық емдеу шаралары жүзеге асырылады. Қалған қызмет түрлері қызметкерлер сақтандырылған төрт бағдарламаның әрқайсысының ережелері мен лимиттеріне сәйкес көрсетіледі.
Естеріңізге сала кетейік, тендерге «Allianz Казахстан» қорынан басқа 5 сақтандыру компаниясы қатысты.