Алма әйелдердің жас болып көрінуіне көмектеседі
АСТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алманы күн сайын жеу организмді жасартуға және қартаю үдерісін тежеуге жәрдемдеседі, делінген соңғы зерттеулердің нәтижесінде. Бұл туралы Росбалт хабарлады.
Осы жемістегі дәрумендер, басқа да кейбір элементтер әйел организмі үшін пайдалы. Мамандардың айтуынша, алманы үнемі пайдалану теріге кері әсер ететін қышқылдардан, тұрақсыз атомдар мен қосылыстардан, организмнің өмірлік маңызды құрылымын зақымдайтын басқа да элементтер ықпалынан бірте-бірте арылта береді.
Жемістердегі заттар адам организмдеріндегі сілтілену үдерісін баяулатады, деп хабарлайды Globalscience. Бұған алманың құрамында өте көп флавоноидтар, полифенолдардың арқасында қол жеткізіледі. Бұл қосылыстар қартаю үдерісін тежеумен қатар, жүрек-қан тамырларының жұмысын жақсартады.
Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде алма әйелдің өз жасынан 17 жыл жасырақ болып көрінуіне мүмкіндік беретіні белгілі болды. Ал Нью-Йорк унвиерситеттерінің бірінің зерттеушілері жас алма жемісі қатерлі ісік ауруларының пайда болу қаупін едәуір төмендетуге көмектеседі деп отыр. Денсаулыққа игі әсер ету үшін алмадан басқа күніне 5 түрлі жемістер мен көкөністерді мәзіріңізге қосып отырған жөн.