Алма мен қызанақ қабығы су тазартқыш құралдан кем емес

АСТАНА. 21 шілде. ҚазАқпарат - Алма мен қызанақтың қабығы ауызсуды химиялық заттардан тазарта алады.

Алма мен қызанақ қабығы су тазартқыш құралдан кем емес

Бұл туралы Ria.ru Сингапур ұлттық университетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Зерттеу авторы Рамакришна Мал­лам­пати сегіз дана қызанақтың қабы­ғы бір сағат ішінде бір литр ауызсуды ауыр метал­дар иондары­нан түгел ары­лтатынын дәлелдеген. Ғалым бұдан былай томат қабығын қоқысқа тастамай оны ауызсу сүзгісі ретінде қолдануға кеңес береді. Маллампати алма қабығының пес­ти­цидтерге қарсы әсерін де анық­тады. Цирконий оксидімен өңделген алма қабығы ауызсу құрамындағы фосфат, хромат, фосфор тұзы, күш­әла қышқылы сияқ­ты заттарды тұтып қалатын көрінеді, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.