Алма Түсіпбекованың «Ақ қанатты періштем» жыр кітабы жарық көрді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Үш Қиян» баспасынан жас ақын Алма Түсіпбекованың «Ақ қанатты періштем» атты жаңа кітабы жарық көрді.
None
None

Өзінің жүрекке жылы тиер, шалқар сезімге бай, нәзік сырға толы жырларымен республикалық мерзімді баспасөз беттерінен жиі көрініп жүрген ақынның, бұл - екінші кітабы. Оған кейінгі кездері жазылған жырлары топтастырылыпты.

Жыр кітабына енген өлеңдердің басым көпшілігінде адамзатқа ортақ өзекті тақырыптар қозғалатындығымен ерекшеленеді. Мысалы, «Жүргесін тірілердің тізімінде» атты өлеңінде Алма ақын Африка тайпасының тұрғындары аштықтан әлсіреп, Үндінің солтүстігіне келіп, өздерінің бүйректерін сатуға дейін барғанын жазады.

Талантты ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ғалым Жайлыбай жас ақынның жаңа кітабына алғыс сөз жазып, «Өлең өлкесінен өзіндік жолын тапқан қарындасымыз шын мәнінде айтары бар ақын» дей келе, оған сәт сапар тілеген.

Соңғы жаңалықтар