Алмаарасан шатқалында туристер тобы жоғалып кетті

АСТАНА. 17 тамыз. ҚазАқпарат - «109» пультіне (Алматы қаласының құтқару қызметі) Алмаарасан шатқалында үш адамнан тұратын туристер тобы жоғалып кетті деген суыт хабар келіп түсті.

Алмаарасан шатқалында туристер тобы жоғалып кетті

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды.

Іздеу-құтқару операциялары барысында 19 адам және 3 техникадан тұратын ҚР ТЖМ «РЖҚО» ММ күштері туристер тобын тауып, ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшақтарымен қауіпсіз жерге көшірді.