19:04, 29 Қаңтар 2009 | GMT +5
Алмалы ауданы әкімінің аппараты спорт түрлерінен сайыс өткізбек
АЛМАТЫ. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Алматы қаласының Алмалы ауданы әкімінің аппараты бірқатар спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырмақ,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.31-ші қаңтар күні өтетін жарысқа аудандағы мектептерден, колледждерден оқушылар және ЖОО-нан студенттер қатыспақ. Олар эстафета, шорт-трек-биатлон, ұлдар мен қыздар арасында кір тасын көтеру, күш гимнастикасы секілді сайыстардан сынға түспек.
Жарыс жеңімпаздары Алмалы ауданы әкімінің атынан сыйлықтармен марапатталмақ. Сондай-ақ сайыс соңында концерттік бағдарлама жоспарланып отыр.