Алмалы ауданының «Верный» ПИК жылу маусымына дайындықты бірінші болып аяқтады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бізге қарайтын аумақта 765 пәтерлі 16 көп қабатты тұрғын үй бар. Тұрғындардың саны 1 358 адамды құрайды. Бұл үйлердің көбі 1957-1962 жылдары салынған. Осыған қарамастан тұрғын үй иелері жылу маусымы кезінде бірде-бір рет шағымданған жоқ. Биыл біз 16 үйдің 28 элеваторлы тораптарын күрделі жөндеуден өткіздік. Сондай-ақ үйдің шатырларына да біраз жөндеу жұмыстарын жасадық. Мәселен 380 мың теңгеге Абылай хан көшесіндегі 74-ші үйдің 1 200 шаршы метрлік шатыры жөнделді»,- дейді «Верный» ПИК-інің төрағасы Магарам Сафаров. Ол аталған жиында тұрғындарға 2009-2010 жылғы жылу маусымына дайындық туралы есеп берді. Оның айтуынша, «Верный» ПИК биыл алдағы жылу маусымына әзірлікті қалада ең бірінші болып аяқтап отыр.