Алманияда шiркеу мешiтке айналды

АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Гамбург қаласының мұсылмандары 2002 жылы қаржылық қиыншылықтарға байланысты жабылып қалған Капернаум шіркеуін қайта жөндеп, мешітке айналдыру жұмыстарын бастап кетті,

Алманияда шiркеу мешiтке айналды

деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының сайты islam-today-ға сiлтеме жасап.

10 жылға жуық тұралап қалған шіркеуді 600-ге жуық тұрақты келушілері бар «Ән-Нұр» Ислам орталығы өзінің иелігіне алған екен.

Күрделі жөндеу жұмыстарына бір миллион еуро бөлініпті. Аталған мешіт ағымдағы жылдың қазан айының басында ашылады деп күтілуде.