Алмас Серкебаев және Юрий Кудлачтың «Астана» мюзиклі - Ұлттық жобасына қатысуға конкурс жарияланады
АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Алмас Серкебаев және Юрий Кудлачтың «Астана» мюзиклі - Ұлттық жобасына (әрі қарай - Жоба) Ресейдің халық әртісі Ю. Александровтың қойылымында қатысуға конкурс жариялайды.
Жобаға қатысуға солист-әншілер (сопрано, мецо-сопрано, тенор, баритон, бас-баритон) және әншілік топтар шақырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өткізілетін жері мен уақыты:
- Алматы қаласы, «Қазақконцерт» концерттік бірлестігі (Абылайхан даңғылы, 83), 2010 жылдың наурыздың 9-10-ы, сағ. 12.00-де;
- - Астана қаласы, Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры (І. Есенберлин көшесі, 10), 2010 жылғы наурыздың 16-17-сі, сағ. 14.00.
Қатысушыға қойылатын талаптар:
- - жобаға 32 жастан аспаған сопрано және мецо-сопрано; 34 жасқа дейінгі тенор; 40 жасқа дейінгі бас-баритон дауысты әншілер қатыса алады;
- - қатысушының жақсы дауысы, хореографиялық және актерлық шеберлігі болуы керек;
- - джаз, оперетта, мюзикл жанрлары орындаушылық ерешеліктерін және техникасын меңгерген өнерпаз болғаны абзал.
Қатысушының өнер көрсету бағдарламасы:
- 1. Драматургиялық шығармадан үзінді
- 2. Вокалдық шығарма (оперетта, мюзикл, джаз жанрларында)
- 3. Хореографиялық көрініс
Өтінім беру шарты:
Конкурсқа қатысу үшін 2010 жылдың наурызының 1-не дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне (010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі» 15 кіреберіс, тел. (8 7172) 74-05-17, 74-05-68,74-04-10) төмендегі құжаттар жіберілуі керек:
1) ұсынылған үлгі бойынша өтінім;
2) өнер көрсетудің бейне - аудиожазылымдары;
3) 2 (екі) 3 х 4 көлемдегі және 1(бір) 9 х 6 көлемдегі фотосуреттер;
4) шығармашылық өмірбаяны (резюме).
Алмас Серкебаев және Юрий Кудлачтың «Астана» мюзиклі - Ұлттық жобасы конкурсына қатысуға
ӨТІНІМ
•1. Аты-жөні: ______________________________________________________
•2. Туған жылы, күні: ______________________________________________
•3. Білімі: ____________________________________________________
•4. Музыкалық (вокал және хореография) жобаларға қатысу тәжірибесі: _____________________________________________________________________
•5. Байланыс телефондары және электронды поштасы: ____________________________________________________________________
Жеке басының куәлігі немесе төлқұжатының нөмірі: