Алмас Тұртаев «Ленинградтық өренімді» оқып, ардагерлерге құттықтау жолдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Өшпес естелік. Соғыс туралы жырлар» жобасы бойынша Мәжіліс депутаттары Жеңістің 70 жылдығына орай ардагерлерді ерекше жағдайда құттықтап, құрмет көрсетті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметінен.

Алмас Тұртаев «Ленинградтық өренімді» оқып, ардагерлерге құттықтау жолдады

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаев Жеңістің 70 жылдығы құрметіне Жамбыл Жабаевтың «Соғыстан қайтқан солдаттар» өлеңін оқып, ардагерлерге алғысын білдірді.

Айта кетеу керек, «Өшпес естелік. Соғыс туралы жырлар» жобасы бойынша, Жамбыл Жабаевтың, Сырбай Мәуленовтың, Юрий Соловьевтің пен Петр Давыдовтың және Юрий Вороновтың өлеңдерін депутаттар: Абай Тасболатов, Галина Баймаханова, Мұхтар Тінекеев, Светлана Ферхо және Алмас Тұртаев жатқа оқыды. Ақ-қара түсте жасалған видеороликтер туған елінің ашық аспаны мен бейбіт өмірі үшін шайқасқандардың жеңілмес рухтары және шынайы патриотизм мен ерліктерін еске салады.