Алмас Жали креативті индустрияны цифрландыруды ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Креативті индустрияны салықтан босату қажет. Бұл туралы Стратегиялық бастамалар форумында Brave Talents негізін қалаушы Алмас Жали айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Егер креативті индустрия өнімдерінің экспортына көз жүгіртер болсақ, еліміз бойынша жалпы табыс 500 млн доллардан асып түседі. Бірақ, мұның бәрі цифрланбаған. Біз де креативті индустрия қалыптастыру арқылы осынау бейінге үлесімізді қосқымыз келеді. Болашағымыздың негізгі түрінің бірі – бұл ақпараттық технологиялар. Оған өте көп дотация бағытталып жатыр және олар салықтан босатылған. Дәл осыны креативті индустрияда байқап көрмекпіз. Бізге жаңа құралдардың қажеті жоқ. Astana Hub бар. Соған қосылу қажет және оларды салықтан босатқан жөн», - деді ол.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта креативті индустрия ешқандай салық төлемейді.

«6 лейбл ғана соңғы 3 жылдың ішінде 500 млн доллардан астам қаржыны игеріп отыр. Креативті индустрияны цифрландырып, Astana Hub-қа қосуымыз керек. Сонда резиденттердің өсімін, санын, қанша кино түсірілетіндігін және олардың қаншалықты артқанын түсінетін боламыз. Мұның бәрін цифрландырсақ, Оңтүстік Корея деңгейіне көтерілеміз. Бұл ел К-Рор бағытындағы 4 топтың арқасында бюджетке 10,3 млрд доллар қосып отыр», - деді Алмас Жали.


Соңғы жаңалықтар