Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысына қатысты рефрендумға орай пікір білдірді
АСТАНА. KAZINFORM — Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысына қатысты референдумға орай пікір білдірді.
«Мемлекет басшысы атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өкізу туралы Жарлыққа қол қоятындығын мәлімдеді. Мұнан кейін Конституциялық заңға сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы референдумды өткізу жөніндегі жоспар жасайды. Қазірдің өзінде өңірлерде жоғары қызығушылықты байқап отырмыз, түсіндіру жұмыстары да жалғасып жатыр. Парламент депутаттары да осы мәселеге қосылып, сайлаушылармен, қауымдастықтармен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен тақырыптық кездесулер өткізеді деп ойлаймын», - деді министр Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биыл 6 қазанда өтетіндігін жария етті.
«Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек. Былтыр мен бұл мәселе бойынша өз пікірімді айттым, яғни, референдум тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды. Бұл азаматтарымыздың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім деп ойлаймын. Сондықтан мен Үкіметтің ұсынысын қолдаймын. Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Бүгін тиісті Жарлыққа қол қоямын», - деген еді Президент.