Алмасадам Сәтқалиев Энергетика министрі лауазымына тағайындалды

None
Фото: KAZENERGY
АСТАНА. ҚазАқөпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Алмасадам Майданұлы 1970 жылы 31 қазанда Алматы қаласында дүниеге келді.

1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған, механик, математик. Экономика ғылымының кандидаты. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.

1992 жылғы тамыздан – «ТаССат» ЖШС директоры.

1997 жылғы қыркүйектен – «ҚазТрансОйл» ҰМТК» АҚ менеджері, клиринг департаментінің басшысы, жобаларды басқару жөніндегі департамент басшысы.

1998 жылғы тамыздан – «ҚазТрансОйл» ҰМТК» АҚ басқарушы директоры, экономика жөніндегі вице-президенті.

2001 жылғы қаңтардан – «Электр желiлерiн басқару жөнiндегi Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ қаржы директоры, экономика жөніндегі вице-президенті.

2003 жылғы қарашадан – «Электр желiлерiн басқару жөнiндегi Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ бірінші вице-президенті. 2006 жылғы мамырдан – «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» АҚ-ның «КЕGOC» АҚ бойынша топтың басқарушы-директоры.

2006 жылғы желтоқсаннан – «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» АҚ электроэнергетикалық активтерді басқару жөніндегі директоры.

2007 жылғы қаңтардан – Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің орынбасары.

2007 жылғы қыркүйектен – «Электр желiлерiн басқару жөнiндегi Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ президенті.

2008 жылғы қазан айынан бастап – «Электр желiлерiн басқару жөнiндегi Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ бірінші вице-президенті.

2009 жылғы желтоқсаннан – «Электр желiлерiн басқару жөнiндегi Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ-ның басқарма төрағасы.

2011 жылғы маусымнан – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарушы директоры.

2012-2018 ж.ж. – «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Басқарма Төрағасы.

2018-2021 ж.ж. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ активтерін басқару дирекциясының басшысы - басқарушы директоры, «KEGOC» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

2021 жылдың наурыз айынан «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарып келді.

Соңғы жаңалықтар