Алматы әкімі Pacific Construction Group компаниясының басшысымен кездесті

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы әкімі Ерболат Досаев Pacific Construction Group қытайлық компаниясының президенті Сонг Шаотинмен кездесті. 

Досаев
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев пен Pacific Construction Group компаниясының президенті Сонг Шаотин көлік инфрақұрылымы (BRT, LRT, Metro), сумен жабдықтау, су бұру объектілерін салу және т. б. салалардағы инвестициялық ынтымақтастық перспективаларын талқылады. 

әкім
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Кездесу барысында Алматы қаласы мен Қытай Халық Республикасы арасында достық және серіктестік қатынастар қалыптасқандығы атап өтілді. 2023 жылы Алматы мен Қытай арасындағы тауар айналымы 22%-ға ұлғайып, 9,4 млрд. АҚШ долл. (2022 ж. - 7,7 млрд. АҚШ). Бүгінгі таңда қалада қытай капиталының қатысуымен 1 914 кәсіпорын жұмыс істейді (ҚР – 3 427 кәсіпорын). 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға және өзара тиімді серіктестікке дайын екендерін білдірді. 

Анықтама: Pacific Construction Group-ҚХР-дағы ең ірі жеке құрылыс компаниясы, 1986 жылы құрылған, штаб-пәтері Шыңжаңдағы Үрімші қаласында орналасқан. 10 жыл қатарынан компания Fortune Global 500 тізіміне еніп, әлемдік құрылыс индустриясында 1-ші орынға ие болды. Қызметтің негізгі бағыты-жолдарды, көпірлерді, порттарды және өнеркәсіптік объектілерді салуды қоса алғанда, ірі инфрақұрылымдық жобаларға инвестициялар. Сондай-ақ компания Шанхай-Нанкин, Шанхай-Чжухай, Пекин-Шанхай, Пекин-Гонконг, Ляньхуо және Қытай провинцияларындағы қалалардың құрылысына қатысты. Қазіргі уақытта компанияда 700 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді.