Алматы әкімдігі 1,5 жыл бойы инвесторларды газға қоспай келген

Алматы прокуратурасының фронт-офисінде өткізілген кездесулер барысында инвесторлардың 1,5 жыл бойы газбен жабдықтау желілеріне қосыла алмағаны анықталды, деп хабарлайды Kazinform.

Қозоғистонда 2030 йилга бориб йилига 6,7 миллиард кубометр газ қазиб олинади
Фото: primeminister.kz

2022 жылы Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы индустриялық аймақта газбен жабдықтау үшін магистральды инженерлік-көліктік желілерінің құрылысын жүргізген.

Оған бірқатар инвесторларды қосу жоспарланған.

Бірақ әкімдік нысанның «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ теңгеріміне берілмегеніне сілтеме жасай отырып, газбен жабдықтау желілеріне қосудан бас тартқан.

«Талдау нәтижесінде прокуратура қадағалау актісін енгізді. Оны қарағаннан кейін аталған магистральға 124 млрд теңгеден астам сомаға инвестициялық жобаны іске асырып жатқан, 3314 адамға жұмыс беріп отырған 26 инвестор қосылды. Сонымен бірге заңнаманың бұзылуына жол бергені үшін басқарма бастығының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды» деп мәлімдеді прокуратурадан.

Соңғы жаңалықтар