Алматы әкімдігі ерекше қажеттілігі бар 2 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтымақ

АЛМАТЫ. KAZONFORM –  Алматыда ерекше қажеттілігі бар тұрғындар біліктілігін арттырып, еңбек мобильділігі орталығы арқылы оқудан өтуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ оларға «Ten Qogam» орталықтары арқылы кәсіптік терапия мен кәсіби дағдыларды дамыту бойынша қызметтер қолжетімді болады.

Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

«2023 жылы еңбек мобильді орталығына ерекше қажеттілігі бар 2860 азамат жүгініп, 1965 адам жұмыспен қамтылды. Бұл ретте 244 адам тұрақты жұмыс орындарына, 502 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 661 адам «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша оқуға жіберілді», - деп атап өтті Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова инклюзивті ортаны дамыту жөніндегі кеңестің бірінші отырысында.

Оның айтуынша, биыл жыл басынан бері еңбек мобильді орталығына ерекше қажеттілігі бар 993 азамат жүгінген. 533 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылса, ал 2024 жылдың соңына дейін кемінде 2,2 мың адамды жұмысқа орналастыру көзделген.

«Біздің басты міндетіміз – азаматтардың өзін-өзі тануы, еңбегі үшін материалдық сыйақы алуы үшін ынталандырулар жасау және тиісінше, олардың өмір сүру сапасын арттыру. Бұл жалақының кемінде 70%-ы субсидиялау арқылы, сондай-ақ жұмыс берушілердің арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға арналған жабдықтарды сатып алуға және орнатуға жұмсаған шығындарын өтеу арқылы жүзеге асырылады», - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары.

Соңғы жаңалықтар