Алматы әкімдігі крематорий құрылысын жүргізген мердігерден 2,7 млн теңге қайтарып алды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы әкімдігі крематорий құрылысын белгіленген мерзімде және толық аяқтамағаны үшін мердігер компаниядан сот арқылы 2,7 млн теңге өндіріп алды.

Акимат Алматы взыскал с подрядчика миллионы тенге за срыв сроков строительства крематория
Фото: er-ai-construction.kz

Алматы кұрылыс басқармасынан мәлім еткендей, мердігер жұмысты белгіленген мерзімде аяқтаған жоқ. Шартта көрсетілген талаптар орындалмады.

– Сот шешімімен «ТаразКұрылысИнвест» ЖШС мемлекеттік сатып алудың жауапсыз қатысушысы деп танылып, жергілікті бюджетке 2 775 414,62 теңге қайтарылды,- деп жауап берді басқармадан Кazinform агенттігінің ресми сауалына.

Қазір нысанды пайдалануға беру актісіне барлық комиссия мүшесі қол қойды. Енді тіркеуден өту үшін сәулет жене әділет органдарына бағытталатын болады.

– Ары қарай нысан коммуналдық меншік балансына берілетінін хабарлаймыз, – деп атап өтті ведомстводан.

Айта кетейік, ғимараттағы құрылыс-монтаж жұмыстары 2021 жылдың желтоқсан айында аяқталған болатын.

Сыртқы инженерлік желілерді, оның ішінде орнатылған пештерді пайдалану үшін газбен жабдықтау желісін тарту жұмыстары 2022 жылдың мамырында қосу көзделген еді. 

Еске салайық, 2020 жылдың жазында крематорий құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын жасауға тендер жарияланған болатын. 

 

Соңғы жаңалықтар