Алматы әкімдігі жастарға 2,5 пайыздық несие беру жобасын кешіктіріп жатыр

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, Алматы әкімдігі жастарға 2,5 пайыздық несие беру жобасын кешіктіріп жатыр, деп хабарлайды Kazinform. 

Алматы әкімдігі жастарға 2,5 пайыздық несие беру жобасын кешіктіріп жатыр
Фото: pixabay.

Бұл туралы ол Үкімет отырысында мәлім етті.

«Мемлекет басышысының жастарға 2,5 пайыздық мөлшерлемемен шағын несие беру бойынша тапсырмасын орындау барысы Алматы қаласынан басқа өңірлерде өз деңгейінде жүргізіліп отыр. Осыған орай, Алматы қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасы орындалмау қаупі бар», - деді ведомство басшысы.

Оның сөзінше, осал топтарға жататын 5 316 азаматқа мемлекетттік грант берілген

«Жалпы республика бойынша грант алушылардың басым көпшілігі көпбалалы отбасылар – 2 899 грант. Сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтардың қатарынан 1038 адам, мүгедектігі бар баланы қараушылар қатарынан 631 адам, атаулы әлеуметтік көмек алушы 365 адам екендігін атап өту қажет. Грант алушылардың мақсаты бойынша технологиялық құрал-саймандарға 2062 адам, ірі қара мал және ұсақ мал алу мақсатында 1568 адам, құрал-саймандарға 957 адам алған. Олардың 40 пайызы жастар», - деді Светлана Жақыпова.