Алматы апортын ұлттық бренд ретінде патенттеу қалай жүріп жатыр

Әділет министрі Азамат Есқараев Алматының апортын ұлттық бренд ретінде патенттеу шаруасы қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

алматы апорты
Фото: "ҚазАқпарат" ХАА

«Зияткерлік салада патент беруден бөлек еліміздің мүддесін дүниежүзілік деңгейде қорғау бағытында жұмыс істейміз. Оның ішінде апорт алмасын дүниежүзілік географиялық көрсеткіш ретінде тіркеу бағытында еңбектеніп жатырмыз», – деді А.Есқараев Орталық коммунккациялар қызметінде өткен брифингіде.

Министр бұл Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы екенін еске салды.

«Президент Алматының апортын ұлттық бренд ету керек екенін айтқан еді. Біз осы жұмысты қолға алып, қазір жан-жақты алға қарай жылжытып жатырмыз. Биыл қауымдастық құрылды. Біздің «Қазпатент» ұйымына қауымдастық атынан Алматы апортын географиялық көрсеткіш ретінде тіркеу туралы өтініш түскен. Солайша осы патентті Қазақстанның атына тіркеуге тырысып жатырмыз», – деді Азамат Есқараев.