Алматы аспанында біртүрлі дыбыс қайдан шықты

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматының бірнеше ауданында таңғы уақытта біртүрлі дыбыс естілді. Дыбыс жылу электр стансасынан шыққаны белгілі болды.

алматы
Фото: Александр Павский/Kazinform

Желі қолданушылары біртүрлі дыбыс шығып жатқаны жайлы видеоны әлеуметтік желіге жүктеді.

«Таңғы 4:44 кезінде бес минут бойы Алматы аспанында шу естіліп тұрды» делінген жазбада.  

Желі қолданушылары дыбыстың қаланың әр аймағынан естілгенін айтты.

Алматы әкімдігі жылу электр орталығының жұмысына байланысты дыбыс шыққанын хабарлады.

«Алматы электр стансалары» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 ақпан таңғы сағат 4:40–та технологиялық қорғаныс жүйесі іске қосылды. Сол себепті жақын аудандағы үйлердің тұрғындарына шу естілді. Қазандықтың автоматты қорғанысы жұмысы істеген кезде бұл қалыпты жағдай саналады» деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ дыбыс салдарынан тұтынушыларды жылумен қамтуда ешқандай кедергі болмағаны айтылады.

Соңғы жаңалықтар