Алматы әуежайы иесі жоқ жүктерді 470 теңгеге сатып жатыр – фейк
Алматы халықаралық әуежайы атынан WhatsApp мессенджерінде жалған ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Kazinform.
«Алматы халықаралық әуежайында сатылымдар басталды. Біз әуежай қоймасын қараусыз қалған жүктен босатамыз. Ережеге сәйкес, оны кәдеге жарату керек, бірақ біз қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, оны жай ғана 470 тенгеге таратып жатырмыз», – делінген хабарламада.
Әуежай бұл ақпаратты жоққа шығарып, жолаушыларға алаяқтардың ісі екенін ескертті.
«Алматы халықаралық әуежайы ешқандай аукцион өткізіп жатқан жоқ. Егер сіз жоғалған жүктер сатылымы туралы жарнама көрген болсаңыз ресми парақшаға жазыңыз. Алаяқтардан сақ болыңыздар», – деп атап өтті әуежайдың баспасөз қызметінен.