Алматы әуежайы түрік топ-менеджерінің ұсталғанын жоққа шығарды

Алматы әуежайы
Фото: facebook.com/alaportofficial/

Алматы әуежайы түрік топ-менеджері Уфук Серттің ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Kazinform.

Бүгін бұқаралық ақпарат құралдары мен телеграмм каналдарда есірткі ісіне байланысты әуежай әкімшілігі ғимаратында тінту жүргізілгені және түрік топ-менеджерлері ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды.

«Қазір Алматы халықаралық әуежайы жүргізіліп жатқан тергеу аясында уәкілетті органдармен бірлесе жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар қызметтік тексеріс басталды. Тергеу соңында толық ақпарат беріледі», - деп хабарлады әуежайдан.

Сонымен қатар, әуежайдың баспасөз қызметі Уфук Серттің ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. 

Соңғы жаңалықтар
telegram