10:15, 05 Мамыр 2025 | GMT +5
Алматы әуежайында барлық ішкі рейс кешікті
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Рейстер орта есеппен жарты сағатқа кешіккен.

Алматы халықаралық әуежайының мәліметінше, бүгін ішкі рейстерге арналған келу аймағында кіруді бақылау жүйесі қысқа мерзімге істен шығып, жолаушылар өзара араласып кеткен.
— Қауіпсіздік бойынша бекітілген алгоритмге сәйкес жолаушыларды қайта тексеру жүргізілді. Барлық шара жедел әрі ұйымдасқан түрде орындалып, рейстер кестесіне елеулі әсер еткен жоқ. Орташа кешігу уақыты 25 минуттан аспады, — деп хабарлады әуежайдан.
Әуежай қазіргі уақытта қалыпты тәртіпте жұмыс істеп жатыр.
Еске салайық, алдағы уақытта Алматыда автобустар әуежай аумағына кіретін болады.