Алматы әуежайында есірткіге мас күйдегі ұшқыш ұсталды

Алматы және Шымкент әуежайының аумағы жеке сектор есебінен ұлғайтылады
Фото: Александр Павский/Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы әуежайында есірткіге масайған Air Astana әуекомпаниясының ұшқышы ұсталды.

Air Astana компаниясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, 23 сәуір күні Алматы әуежайында жолаушы ретінде ұшып бара жатқан әуе компанияның ұшқышы есірткіге мас күйінде ұсталды.
Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ұшқыш жұмыстан шеттетілді.

«Әуекомпания қызметкерлердің алкогольді немесе есірткіні пайдалануына қарсы. Компания қауіпсіздікке басымдық береді. Әуекомпания экипаждардың қанында алкоголь немесе есірткі бар-жоғын үнемі тексереді», - деді Air Astana.

Соңғы жаңалықтар