Алматы әуежайында қолайсыз ауа райына байланысты мәселелер туындады
Өте төмен ауа температурасына байланысты Алматы халықаралық әуежайының жерде қызмет көрсету жабдықтарында уақытша техникалық ақаулар туындады, деп хабарлайды Kazinform.
Әуежайдың баспасөз қымзетінің мәліметінше, аталған мәселе әуежайдың ұшу-қону алаңында уақтылы қызмет көрсетуге әсер етуі мүмкін.
«Біздің техникалық команда бұл мәселені мүмкіндігінше тезірек шешуге тырысып жатыр. Сондай-ақ қызмет көрсету немесе рейске техникалық қызмет көрсетуде болуы мүмкін кідірістерді азайту үшін әуе компанияларымен бірлесе жұмыс істеудеміз. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, біз тәулік бойы қызмет көрсетуді жалғастырамыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінеді хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматы әйежайынан Пхукетке ұшатын рейстің 10 сағатқа кешіккені жайлы жазған болатынбыз.