Алматы әуежайында паспорттық бақылау жүйесі уақытша істемей қалды
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы әуежайының жаңа терминалында паспорттық бақылау жүйесі уақытша істемей қалды. Бұл жағдайға әуежайдың баспасөз қызметі түсініктеме берді.
Алматы әуежайының мәліметіне сәйкес, жүйедегі ақаудың әсерінен жолаушылар кезегі пайда болғанымен, ол рейстердің кешігуіне себеп болмаған.
- Паспорттық бақылау жүйесінде техникалық ақау болды. Тексеру мен сканерлеуде қиындықтар болған жоқ. Ұшудың кешігуіне байланысты рейстердің кешігуі байқалмады, - деп хабарлады әуежайдан.
Қазіргі уақытта жүйедегі ақаулар жойылған. Әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Еске салайық, бұған дейін биыл 1 маусым күні Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерді қабылдады.
Сондай-ақ Алматы халықаралық әуежайының жаңа президенті болып Гокер Косе тағайындалды.
Одан кейін Алматы әуежайының президенті жаңа терминалға айтылған сынға жауап берді.
Бұған дейін Алматы әуежайында жаңа автотұрақ ашылғанын жазғанбыз.