Алматы әуежайында жасөспірім сөмкеде жарылғыш зат барын хабарлады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Жасөспірімнің «бомба» туралы қалжыны рейсітің кешігіп ұшуына әкелді.

Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы, әуежайда, әсіресе ұшу алдындағы іс-әрекеттер және ұшаққа отырғызу кезінде орынсыз мәлімдемелер мен «әзілдерге» жол берілмейтінін азаматтардың есіне салады.
— Алматы халықаралық әуежайында жасөспірім досының сөмкесінде жарылғыш зат бар екенін айтып әзілдеген. Нәтижесінде әуе кемесі мен барлық жолаушыны тексеру жоспары күшіне еніп, рейс кешігіп, ұшуға уақытша шектеулер қойылды, — деп хабарлады Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабынан.
Штаб өкілдері мұндай мәлімдемелер, тіпті әзіл-қалжыңмен айтылған болса да, қауіпсіздікке әлеуетті қатер ретінде қабылданады.
— Азаматтарды тексеру аймағында және әуе кемесінің бортында қауіп-қатерге, қару-жараққа, жарылғыш құрылғыларға және басқа да ықтимал қауіпті тақырыптарға қатысты сөздер мен сөз тіркестерін қолдануға жауапкершілікпен қарауды сұраймыз, — деп атап өтті ведомстводан.
Осыған дейін FlyArystan жолаушысы бортсерікке қол жұмсап, ұшақта бомба барын айтқан болатын.