Алматы әуежайындағы оқиға: сот бірнеше күнге шегерілді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда әуежай қызметкерін кепілге алған ер адамға қатысты сот отырысы өтті.

Алматы әуежайындағы оқиға: сот бірнеше күнге шегерілді
Фото: Еламан Тұрысбеков / Kazinform

Сот қысқартылған тәртіппен өтіп жатыр. Айыпталушы іс бойынша жиналған деректерді жоққа шығармады және прокурордың айыптау актілерімен келісті. Алайда жауап алу кезінде айыпталушы Машрапбек Баратов әуежайда ешкімді кепілге алуға ниеті болмағанын және ешқандай талап қоймағанын мәлімдеді.

— Ешкімді кепілге алу туралы ойым болған жоқ, әуежайға кіргім де келмеген. Әуежай алдында дүкен болды, соған кіріп, бірнәрсе алғым келдім. Кейін әуежайдың ішін аралап қайтайын дедім, — деді ол.

Судья 9 сәуір 10:30–ға дейін сот отырысында үзіліс жариялады.

Бұған дейін сотта әуежайдағы оқиғаға қатысты тың деректер айтылғанын жазғанбыз. Күдіктіге қатысты қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып тағылып отыр: кепілге алу, қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау

Еске салайық, 7 наурыз күні Алматы әуежайында ер адам қызды кепілге алып, көпшілік алдында пышақ кезенгенін жазғанбыз

Мұса Әбдірайым күдіктіге өзін кепілге ұсынып, қызметкердің орнына тұрған. Ер адам тәртіп сақшыларымен келіссөзге алаңдаған тұста ол күдіктінің қолындағы пышақты жұлып алды

Соңғы жаңалықтар