Алматы әуежайының автотұрағы кеңейтіледі

Алматы әуежайы
Фото: Александр Павский / Kazinform

АЛМАТЫ.  KAZINFORM -Алматы халықаралық әуежайы аумағындағы автотұрақтар кезең-кезеңімен жабылады. 

Алматы халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің мәліметінше, жөндеу-құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты автотұрақтар кезең-кезеңімен жабылады.

«Жолаушыларға оңтүстік автотұрақты (кіру Ахметов көшесінен) пайдалануды ұсынамыз. Сондай-ақ әуежайға келуіңізді алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз. Жұмыстар 2024 жылдың қыркүйек айына дейін аяқталады», - деп хабарлады әужайдан.

Еске салайық, былтыр қыркүйек айында Алматы халықаралық әуежайында 140 орынға есептелген жаңа автотұрақ ашылған болатын. 

Сондай-ақ биыл 1-ақпаннан әуежай аумағындағы және жабық тұрақ кешеніндегі автокөлік тұрағының тарифі өзгерді. 

Соңғы жаңалықтар
telegram