Алматы әуежайының басшысы Альп Эр Тунга Эрсой қызметінен кетті

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ президенті Альп Эр Тунга Эрсой орнын босатты.

Альп Эр Тунга Эрсой
Фото: әуежайдың баспасөз қызметі

«Жоспарланғандай, Альп Эр Тунга Эрсой Алматы халықаралық әуежайдың жаңа халықаралық терминалының құрылысы аяқталған соң қызметінен кетті. Ол саладағы мансабын жаңа қызметте жалғастырады», - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Басшылықтың ауысуы туралы ресми мәлімдеме 5 маусымда жарияланады.

Айта кетейк, бірінші маусым күні Алматы әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерді қабылдаған болатын. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыға жұмыс сапары барысында қала әуежайының жаңа халықаралық терминалын аралап көрген еді

Ғимараттың жалпы ауданы — 53,5 мың шаршы метр, жылына 14 миллион жолаушыға қызмет көрсете алады.

Еске салайық, 2020 жылы Алматы әуежайы түрік компаниясын 415 миллион долларға сатылған еді.

Соңғы жаңалықтар