Алматы әуежайының ескі терминалын жөндеуге 10 млн доллар жұмсалмақ

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы әуежайының жаңа халықаралық жолаушылар терминалының құрылысы 87 пайызға орындалды. Бұл туралы Халықаралық Алматы әуежайының президенті Альп Эр Тунга Ерсой мәлімдеді.

Францияда жарылыс қаупіне байланысты сегіз әуежай эвакуацияланды
Фото: pixabay.com

«Біз жаңа халықаралық жолаушылар терминалының құрылысына 200 миллион доллардан астам қаражат жұмсадық, сонымен қатар біз тек ішкі рейстерді қабылдайтын қолданыстағы ескі терминалды жаңартуға шамамен 10 миллион доллар жұмсауды жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Қолданыстағы терминалды жаңартуды ескере отырып, Алматы халықаралық әуежайының жалпы өткізу қабілеті жылына 14 миллион жолаушыға дейін артады.

2023 жылдың аяғында әуежай 9,5 миллион адамға қызмет көрсетті. Жаңа терминалдың телескопиялық көпірлері ұшақтың көлеміне байланысты бір уақытта жеті ұшақты қабылдай алады.

Дизайнға сәйкес, құрылым қолданыстағы терминал ғимаратына жерүсті өткелі арқылы қосылады. Жаңа үй-жай жолаушыларға ғимараттың сыртына шықпай-ақ ішкі және халықаралық рейстерден ауысуға оңай қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

«Жаңа халықаралық жолаушылар терминалының құрылысы 87 пайызға орындалды»,- деп атап өтті ол.

Бұған дейін Альп Эр Тунга Ерсой жаңа терминал 2024 жылдың жазында қолданысқа берілетінін айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар