Алматы әуежайының президенті рейстердің кешіккені үшін жолаушылардан кешірім сұрады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы халықаралық әуежайының президенті Алп Эр Тунга Эрсой өткен аптада мегаполисте рейстер не себепті кешіктірілгенін түсіндіріп, кешірім сұрады.
«Өткен жұмада қаланы қар басып қалды. Алматы әуежайындағы қардың биіктігі 40 см жетті. Мұндай қалың қарда әуежай жұмысын реттеу қиын. Бізде екі рейс кешіктірілді, бірақ соған қарамастан біз әуежай ашық болды. Бірақ қауіпсіздік ережелері қадағалау мақсатында кешігулер болды. Біз жолаушылардың өміріне қауіп төндіре алмаймыз», - деп жауап берді Аль Эр Тунга Эрсой журналистердің сауалына.
Айтуынша, бұл жолаушыларға сылтау болып көрінуі мүмкін.
«Біз болашақта кешігулердің алдын алу үшін тасымалдаушылармен жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз», - деді Алп Эр Тунга Эрсой.
Сондай-ақ ол жолаушылардан туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
«Біз жолаушылардан ыңғайсыздық тудырғанымыз үшін кешірім сұрағымыз келеді. Мұндай жағдайлар қайталанбауы үшін күш салып жатырмыз. Әрине, бұл форс-мажорлық жағдайлар. Қалай болғанда да, осындай нұсқаларды болжайтын комиссия құрылады», - деді ол.
Еске салайық, 16 ақпанда Алматы әуежайындағы қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар рейс кешікті. Кейін Air Astana Алматы әуежайындағы рейстердің кешігу себебін түсіндірді.