Алматы ботаникалық бағындағы оранжерея 4 жылдан кейін қайта жөнделе басталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыдағы Бас ботаникалық бақта экспозициялық оранжереяны реконструкциялау жұмыстары қайта басталды.

Алматы ботаникалық бағындағы оранжерея 4 жылдан кейін қайта жөнделе басталды
Фото: botsadkz / ЖИ

Құрылыс жұмысы 2026 жылғы қазанда қайта қолға алынған. Оранжереяны толық жаңғырту жұмыстары 2027 жылғы қыркүйекте аяқталады деп жоспарланып отыр.

– Оранжереяны реконструкциялау жұмыстарының қайта басталуына байланысты жобаның қазіргі барысы туралы ақпарат бөліскіміз келеді. Ботаника және фитоинтродукция институты мен Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бірлескен күш-жігерінің арқасында 2026 жылғы қазанда нысанды реконструкциялауды аяқтауға арналған құрылыс-монтаж жұмыстары қайта жанданды, – деп хабарлады Бас ботаникалық бақтың баспасөз қызметі.

Құрылысқа тапсырыс беруші – «Ботаникалық бақ достарының қоры» жеке қоры, ал мердігер ұйым – «SM Trade-Construction» ЖШС.

Шартқа сәйкес, құрылыс-монтаж 11 айға созылады. Реконструкцияны 2027 жылғы қыркүйекте аяқтау көзделген.

Ботаникалық бақ өкілдерінің айтуынша, жөндеу жұмыстары кезінде тропикалық және субтропикалық өсімдіктердің бірегей коллекциясын сақтауға баса мән беріліп отыр.

– Пальмаларды қоса алғанда, тропикалық және субтропикалық өсімдіктер коллекциясын сақтауға ерекше көңіл бөлінеді. Өсімдіктерді қолайсыз ауа райынан қорғау үшін қысқы кезеңге дайындық жүргізілді. Атап айтқанда, арнайы қорғаныш құрылымдары орнатылып, қыс бойы қажетті температуралық режимді сақтау қарастырылған, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Бас ботаникалық бақтың экспозициялық оранжереясы 1969 жылы салынған. Ол бес бөлімнен тұрады: тропикалық, субтропикалық, жағалау-су өсімдіктері, суккуленттер және пальмарий.

Бұған дейін Алматыда ботаникалық бақтың жұмыс кестесі өзгергенін жаздық.