Алматы-Бішкек жолында әйел ер адамды жүк көлігінің астына итеріп жіберді: Жәбірленуші көз жұмды

Алматы-Бішкек тасжолында әйел ер адамды жүк көлігі астына итеріп жіберді, деп хабарлайды Kazinform.

жол апаты
Фото: видеодан алынған кадр

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.  

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 30 қазан күні болған

«Қарасай аудандық полиция басқармасына Алматы-Бішкек тасжолында Volvo жүк көлігі жүргізушісі белгісіз ер адамды қағып кеткені туралы хабар түсті. Тексеру кезінде әлдебір әйел ер адамды жүк көлігі астына итеріп жібергені анықталды», - деп хабарлады полициядан.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді.

«Жедел іздестіру шаралары барысында 1963 жылы туған әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті сараптама  тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп атап өтті департаменттен.

Соңғы жаңалықтар