Алматы да мектеп түлектерінің кортежі тағы да тәртіп бұзды

полиция
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда жол ережесін бұзған кортеж жүргізушілері бірнеше баппен әкімшілік жазаға тартылды.

12 көліктен тұратын кортеж «Көктөбе» ықшам ауданында жүрді. Түлектер көлік терезесінен денелерін шығарып, өмірлеріне қауіп төндірді.

«Аталған кортежді мамандандырылған батальон қызметкерлері тоқтатты. Жүргізушілерге қатысты жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу, қауіпсіздік белдігін тақпау, көлікке жалған нөмір тағу, маневр жасау ережелерін бұзу, төтенше жағдай туғызу деректері бойынша 84 әкімшілік хаттама толтырылды. 12 көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды», - деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Бұған дейін Алматы облысында мектеп бітіруші түлектердің кортежі жол ережесін бұзғаны туралы жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар