«Алматы-Екатеринбург» тас жолында жеңіл көлік пен Газель соқтығысты

АСТАНА. KAZINFORM - Таңертең «Алматы-Екатеринбург» тас жолының 924 шақырымында жеңіл автокөлік Газельмен соқтығысты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

көлік апаты
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, жол апатынан зардап шеккен екі азаматқа Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медицинасы орталығының Ақсу - Аюлы трассалық медициналық-құтқару пунктінің бригадасы шұғыл медициналық көмек көрсетті.