Алматы фристайл-могул мен фристайл-акробатикадан әлем кубогын қабылдайды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясы (FIS) фристайл-могул мен фристайл-акробатикадан жаңа маусымдағы жарыстар тізбегін жариялады. 

Фристайл-могул және фристайл-акробатика
Фото: Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, әлем кубогы кезеңдерінің бірі Алматыда өтеді. 

Дүбірлі дода 2025 жылы 21-23 ақпан аралығында өтеді деп жоспарланып отыр. 

Олимпиадалық маусым биылғы 29 қарашада басталады. Алғашқы әлем кубогы кезеңін Финляндияның Рука қаласы қабылдайды. Ал, әлем чемпионаты 2025 жылдың 17-30 наурызында өтеді. 

Соңғы жаңалықтар