Алматы гарнизонының әскери қызметшілері Бибігүл Төлегенованы құттықтады

Әскерилер атақты опера әншісін 94 жасымен құттықтап, кездесу мемлекеттік мерекемен тұспа-тұс келді, деп хабарлайды Kazinform ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бибігүл Төлегенова
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары мен Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Алматы филиалының әншісі Аружан Алпысбаева туған күн иесіне арнап танымал әншінің өз репертуарынан әндер шырқады.

Бибігүл Тқлегенова
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Бибігүл Төлегенова есімі қазаққа ғана емес, жақын және алыс шетелдені өнерсүйер қауымға кеңінен танымал. Ол кино әлемінде де елеулі із қалдырды және бірнеше буын шәкірт тәрбиеледі.

Бибігүл Төлегенова
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Бибігүл Ахметқызы жанкүйерлерін өр рухымен, табандылығымен және ақыл-ойының ұшқырлығымен таң қалдырып келеді. Әнші әскери қызметшілердің жылы лебізіне риза болып, оларға өзінің шығармашылығы туралы әңгімелеп берді.

Бибігүл Төлегенова
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

– Әскери мамандық Отанға шын беріліп адал қызмет етуді талап етеді және әрдайым өмірің тәуекел етумен байланысты. Бір жағынан, бұл ер-азаматты шыңдайды, екінші жағынан бұл қызмет абыройлы мәртебе. Егер сіз кәсіби әскери қызметші болам десеңіз, онда осы мақсатқа жетуде табандылық көрсетіп, Отан игілігі үшін оқып, еңбек етуіңіз керек, – деді Бибігүл Төлегенова.

Бибігүл Төлегенова
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақтың бұлбұлы Қарулы күштердің барлық әскери қызметшілерін Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық пен бейбіт аспан тіледі.