01:02, 04 Мамыр 2024 | GMT +5
Алматы хайуанаттар бағы жазғы маусымға көшті
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының Медеу ауданында орналасқан хайуанаттар бағында жазғы маусым басталды.

Бұл туралы хайуанаттар бағының баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде хабарлады. Енді жан-жануаларды көргісі келетін қала тұрғындары мен қонақтарды хайуанаттар бағын сағат уақыты 9:00-ден 19:00-ге дейін аралай алады.
«Бізде қуанышты жаңалық! Зообағымызда жазғы маусым ашылды! Қыс мезгілінен кейін зообақ аумағы қайта қалпына келтіріліп, жұмыс уақыты 9:00-ден 19:00-ге дейін ұзарды. Кассалар 18:00-ге дейін ашық. Біздің жануарларымыздың бәрі жазғы қоршауларға шығарылды», – деп хабарлайды Алматы хайуанаттар бағынан.