Алматы ипподромының болашағы қандай болмақ
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы әкімі қалалық ипподромның болашағы туралы пікір білдірді.

Жетісу ауданының тұрғыны Ерболат Досаевтан Алматы ипподромының болашағы туралы сұрады.
— Менің есімім — Валерий Кошельский, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысымын. Алматы ипподромының болашағы туралы білсек. Өйткені ат спортының өкілдері өзімізде жақсы алаңның болғанына қарамастан Алматы облысына барып жаттығып жүр, - деді ол.
Шаһар басшысы бұл мәселеге байланысты келіссөздер жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, нысан иелері алдағы уақытта ипподромды дамыту жобасын таныстыруы қажет.
— Біз қазір жауапты күтіп отырмыз. Ипподромның нысанды мақсаты өзгермеуі керек екенін айттық. Өйткені біз ол жерде анау-мынау салады деген әңгіме болды. Бірақ өкінішке қарай, қазіргі ипподром иелерінің қаржылай мүмкіндіктері үлкен емес секілді. Наурызға қарай жауабы келуі керек. Егер иелері оны жаңартпайтын болса, басқа инвестор іздейміз не қала өзі не істеуге болатынын шешеді. Бірақ бұл арзан іс емес, - деді Ерболат Досаев.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы ипподром сүріліп, орнына жаңа тұрғын үй кешені салынуы қаншалықты мүмкін екенін жазғанбыз.