Алматы қалалық мәслихатына жаңа депутат сайланды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — ҚР «Сайлау туралы» заңына сәйкес, «Аmanat» партиясының тізімі бойынша мәслихат депутатының бос мандаты Кристина Бекмырзаеваға берілді.

мәслихат орара
Фото: Алматы мәслихаты

Кристина Бекмырзаева – еліміздегі жүйелі мәдени және әлеуметтік бастамалардың жетекші көшбасшыларының бірі. Алматы қаласының тумасы, ол өнер саласындағы жоғары білімді О. Тансықбаев атындағы Алматы көркемсурет училищесін, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын және FH Aachen - University of Applied Sciences оқу орнын тәмамдаған.

2018 жылдан бері «Amanat» партиясының мүшесі.

– Кристина Бекмырзаева өзін жауапты әрі бастамашыл көшбасшы ретінде көрсете білді. Урбанистика, мәдениет және әлеуметтік саясат саласындағы оның тәжірибесі алматылықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және өзекті мәселелерді шешуге қажетті болады. Депутаттық корпустың құрамындағы оның жұмысы қала дамуына елеулі үлес қосатынына сенемін, – деп атап өтті Алматы қаласы мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев.

Еске салайық, бұған дейін депутат Әсия Ақанова өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатып, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалған болатын. 

Соңғы жаңалықтар