Алматы қаласының дизайн-код жобасы әзірленді

Алматы қаласының дизайн-код жобасы әзірленді
Фото: ortcom.kz

Алматы қаласының дизайн-код жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды Кazinform. 

Құжатта көрсетілгендей, дизайн-код көше-жол кеңістігіне қолданылады және абаттандыру элементтерін безендіру және орналастыру тәртібін, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін безендіру талаптарын қамтиды.

«Дизайн-коды – бұл қалалық кеңістік элементтерінің міндетті визуалды құрамдас бөлігін реттейтін ұсыныстар жиынтығы. Ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттері, абаттандыру, маңдайшалар, көрсеткіштер, шағын сәулет нысандары және біртұтас эстетикалық архитектураны, жайлы, қолжетімді және қауіпсіз қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған қалалық инфрақұрылым», - делінген құжатта.

Жоба 2023 жылдың 25 желтоқсанына дейін қоғамдық талқылау үшін НҚA порталында жарияланды. 

Айта кетейік, былтыр жаз айында Алматы қаласына қатысты түзетулер бойынша қала құрылысы кеңесін енгізу және қаланың дизайн-кодын қабылдау ұсынылған еді

Алматы қаласының дизайн-код жобасын 2021 жылы қабылдау жоспарланған болатын. 

Мамандардың айтуынша, бұл мегаполис проблемаларын шешу әрі қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсарту бойынша келісілген қала құрылысы саясатын жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ бірыңғай сәулеттік келбет беруді қамтамасыз етеді.

Соңғы жаңалықтар
telegram