Алматы көшелерінде тағы 6 мың камера пайда болады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда «Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі» жобасын іске асыру жалғасып жатыр. Қазір жүйеге 45,2 мың бейнекамера қосылған, олардың ішінде 616 мемлекеттік және 240 жеке нысан бар. 2025 жылы Алматыда цифрлық жобаларды дамытуға 16,3 млрд теңге бөліну жоспарланып отыр.

Алматы көшелерінде тағы 6 мың камера пайда болады
Фото: Александр Павский/ Kazinform

– 2025 жылы жаңа бюджет аясында қаражат халық көп жиналатын орындар мен «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешеніндегі 6 мың камераны техникалық қызмет көрсетуге бағытталады деп жоспарланып отыр. Бұл кешендердің жұмысы нәтижесінде мегаполисте көлік апаттарының саны 17%-ға, ал жол апатынан қаза тапқандар саны 40%-ға азайған. Қазіргі уақытта қалада осындай 1 641 кешен жұмыс істейді. Осы жылдың 9 айында Алматыда 3 млн астам құқықбұзушылық тіркелген, оның ішінде 18,7 млрд теңгеден астам айыппұл бюджетке өндірілді, – деп атап өтті қалалық мәслихаттан.

Жобаның негізгі мақсаты – қаланың барлық бейнебақылау камерасын біріктіру үшін бірыңғай платформаны енгізу. Бұл бейнеағындарды нақты уақыт режимінде талдауға және оларды түрлі міндеттер үшін пайдалануға мүмкіндік береді.

– 2025 жылы Алматыда цифрлық жобаларды дамытуға 16,3 млрд теңге бөліну жоспарланып отыр, – делінген хабарламада.

Осыған дейін Алматы көшелеріне 50 мың камера орнатылғаны туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар