Алматы маңындағы ауылда көпқабатты үйден өрт шықты

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы облысының құтқарушылары көпқабатты үйден шыққан өртті сөндірді.

Алматы маңындағы өрт
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы қаласының жанында орналасқан Іргелі ауылының аумағына кіретін «Асыл арман» тұрғын үй кешенінен өрт шықты. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 9 қабатты тұрғын үйдің 6-шы қабатында балкон жанғанын анықтаған. Өрт 7 және 8-қабаттағы пәтерлер мен балкондарға ауысқан.

- Үйдің тұрғындары алдын ала эвакуацияланды. ТЖМ күштерімен 60 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда су қауіпсіздігі ережелерін бұзған 23 адамға жарты миллион айыппұл салынғанын жазғанбыз.