Алматы маңындағы жерлер біртіндеп мемлекетке қайтарылып жатыр

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Қонаевта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес пайдаланылмаған жерлерді мемлекетке қайтару жұмысы жүріп жатыр.

жер
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Қалалық жер қатынастары бөлімінің мәліметінше, жыл басынан бері апелляция сотының шешімімен 500 гектар, өз еркімен жерді иелену құқығынан бас тарту бойынша 5,177 га, жер пайдалану құқығы тоқтатылған 2133,7 га жер мемлекетке қайтарылған. 

Ал өткен жылы 15 мың га жер мемлекеттің меншігіне өткен.

«Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады. Қазірдің өзінде жалпы көлемі 1 430 гектарды құрайтын 5 іс қаралып жатыр. Айта кетейік, былтыр Алматы облысында 224 мың гектар жер мемлекетке қайтарылған болатын» деп хабарлады Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар