Алматы мен Инчхон арасында жаңа рейс қатынайды

АСТАНА. KAZINFORM — Оңтүстік Кореяның әуекомпаниясы Инчхон мен Алматы арасында жаңа рейс ашады.

самолет
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

- Маршруттың іске қосылуы еліміздің тартымдылығының артуын және өңірдегі дамып жатқан туристік бағыт ретінде позициялардың нығаюын көрсетеді, - деп жазды Kazakh Tourism ұлттық компаниясынан.

2025 жылдың 7 сәуірінен бастап Инчхон-Алматы бағытындағы рейстер аптасына 2 рет орындалады: дүйсенбі және жұма күндері. Оңтүстік Кореядан ұшу уақыты - 19:30, Қазақстанға 22:45-те келеді.

Кері рейс Алматыдан сағат 23:45-те аттанады және келесі күні сағат 9:50-де Инчхон қаласына жетеді. Бұл - Eastar Jet әуекомпаниясы үшін ең ұзын бағыттардың бірі.

Билеттер құны 199 000 воннан басталады. Рейстер B737-8 әуе кемелерінде жүзеге асырылады. 

Өткен жылы Оңтүстік Кореядан біздің елге келушілер қатары 10%, 40,2 мыңға жуық адамды құрады. Оңтүстік Астана халықаралық туристер үшін сұранысқа ие бағытқа айналуда. 

Бұған дейін Астана – Дели бағыты бойынша жаңа рейс ашылатыны хабарланған.

Соңғы жаңалықтар